9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯСЫ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?
Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның жоғары сынып оқушылары қорытынды емтихан тапсыруға дайындалып жатыр. Бұл – өте маңызды, себебі бұл емтихан арқылы олар орта мектепті бітіргені туралы құжат алады. Биыл қорытынды емтихан санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады. 9-сынып оқушылары 3 пәннен емтихан тапсырады, олар: 1) Оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, 2) Математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан. 3) Орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан