Школа №65
Телефоны приемной:
8 (7252) 44-60-93
Версия для
слабовидящих
» » "Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Кітаптар айналымы" акциясы өтті
07
октябрь
2025

"Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Кітаптар айналымы" акциясы өтті

"Балалар кітапханасы" жобасын жүзеге асыру мақсатында мектебімізде 5-сынып оқушылары арасында "Кітаптар айналымы" атты қызықты әрі пайдалы акция ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – балаларды кітап оқуға ынталандыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және оқушылар арасында кітап алмасу дәстүрін дамыту болды.
Акция барысында әр сынып  өздері оқыған кітаптарды сипаттап, қызықты сәттерімен бөлісті. Бұл өз кезегінде басқа оқушылардың да сол кітапқа деген қызығушылығын арттырды.
Атап айтқанда, оқушылар келесі шығармалар туралы айтып берді:
📖 "Керқұла атты Кендебай" – халық ертегісі арқылы батырлық пен ерлікке баулу;
📖 "Кітаптан қорқатын бала" – кітап оқудың маңыздылығын көрсететін тәрбиелік мәні зор шығарма;
📖 "Әліппе әңгімелері" – бастауыш сынып оқушыларына арналған қысқа әрі мағыналы әңгімелер топтамасы;
📖 "Менің атым Қожа" (Б. Соқпақбаев) – жасөспірімнің ішкі әлемін ашатын көркем туынды;
📖 "Ертөстік" – халық ертегісі арқылы қиял-ғажайып әлемге саяхат;
📖 "Жаман жолдас" – достық пен адамгершілік тақырыбын қозғайтын тағылымды әңгіме.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, кітаптардағы оқиғалар мен кейіпкерлерді талдап, пікір алмасты. Мұндай шаралар балалардың оқу дағдысын дамытып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін де шыңдайды.
Теги:
111
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив