Школа №65
Телефоны приемной:
8 (7252) 44-60-93
Версия для
слабовидящих
07
октябрь
2025

"ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ" ЖОБАСЫ

Бүгін мектебімізде "Мұрагер" дебат клубының алғашқы кездесуі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті. 
Дебаттың тақырыбы – "БП Жасанды интеллект мектептегі білім беру сапасын жақсарта алады деп есептейді" – қазіргі заман талабына сай өзекті мәселе ретінде таңдалып, оқушылар арасында қызу пікірталас тудырды.
Ойын барысында "Үкімет" тарапынан 9 "З" сыныбынан Абай Қарақат, 8 "Ә" сыныбынан Ыдырыс Дария және "Оппозиция" тарапынан 10 "И" сыныбынан Саттынбек Асем, 10 "З" сыныбынан Мекенбай Жаннұр  өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғап, жасанды интеллекттің білім саласындағы тиімділігі мен ықтимал тәуекелдері жайлы терең ой қозғады. Оқушылар шешендік өнерін, сыни ойлау қабілеттерін және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсете білді.
Шараға мектеп ұстаздары мен әкімшілік өкілдері қатысып, дебат қатысушыларына қолдау білдірді. Тыңдаушы көрермендер де белсенділік танытып, пікірталас соңында өз көзқарастарын ортаға салды.
Дебат тек пікір алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар, оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамауға үйрететін маңызды қадам. "Мұрагер" дебат клубының жетекшісі -  Избасарова Назгүл Зиябекқызы.
Теги:
1111
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив