Школа №65
Телефоны приемной:
8 (7252) 44-60-93
Версия для
слабовидящих
«Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы» онкүндігі басталды!
24
сентябрь
2025
«Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы» онкүндігі басталды!
Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда «Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы» онкүндігі басталды! Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылына арналған Қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі өз жалауын көтерді. Онкүндіктің басты мақсаты – оқушыларды ана тілін ардақтап, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу, әдебиет арқылы рухани әлемін кеңейту. Ашылу салтанаты ерекше мазмұнда өтті. Оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, сұрақ-жауап сайысына қатысты.
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы
24
сентябрь
2025
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы
Бүгін мектебіміздің ұжымы табиғатты аялау мен туған өлкемізді көркейту мақсатында жалпыұлттық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына белсенді түрде атсалысты Қызметкерлер аула тазалығына үлес қосып, ағаш-бұталарды реттеп, қоқыстарды жинап, айналаны абаттандыруға өз үлестерін тигізді. Таза орта – салауатты өмір кепілі! 
19 қыркүйек «АНАЛАР КҮНІНЕ» мерекесіне  орай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері мен іс-шара ұйымдастырылды.
24
сентябрь
2025
19 қыркүйек «АНАЛАР КҮНІНЕ» мерекесіне орай «Жас Ұлан» балалар мен
19 қыркүйек «АНАЛАР КҮНІНЕ» мерекесіне  орай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері мен іс-шара ұйымдастырылды. Аналар күні – аналарды, олардың бала тәрбиесіндегі рөлін, отбасындағы маңызын, мейірімділігі мен жанашырлығын құрметтейтін ерекше күн. Оқушылар өздерінің аналарына деген махаббаттарын сурет арқылы, жүрек жарды сөздері арқылы жеткізді.
"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында
24
сентябрь
2025
"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында
"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы Шымкент қаласындағы білім беру мекемелерінде экологиялық тәрбиеге бағытталған ашық сабақтар мен түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.  Бұл бастаманың негізгі мақсаты -  жас буынның бойына табығатты қорғау, қоршаған ортаны аялау, күнделікті өмірде тазалықты сақтау дағдыларын қалыптастыру.     Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда да бастауыш, орта, жоғары буын оқушылары арасында да тақырып аясындағы тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Mектебімізде 8-сынып қыздарына арналған  профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
24
сентябрь
2025
Mектебімізде 8-сынып қыздарына арналған профилактикалық жұмыстар
Жиынның мақсаты: кәмелеттік жасқа толмағандар арасында ерте жүктіліктің, суицидтің және буллингтің алдын алу, олардың зиянды салдарын түсіндіру, қыз балалардың жауапкершілігін арттыру, жеке бас гигиенасын сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау. Жиын барысында қыз балаларға келесі мәселелер туралы ақпараттар, ақыл-кеңестер, бағыт-бағдар берілді: • Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Утебаева қыздарды мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтауға, құрдастарымен сыйластық
10-11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт бағдар беру жұмыстары бойынша түсіндіру жүргізілді.
24
сентябрь
2025
10-11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт бағдар беру жұмыстары бойынша
Кәсіби бағдар берудің мақсаты - оқушылардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарына сай болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу, еңбекке баулу, түрлі кәсіп түрлері туралы мағлұмат беру және еңбекке деген дұрыс көзқарас қалыптастыру.
Қыркүйек - Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы
24
сентябрь
2025
Қыркүйек - Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы
3-апта дәйексөзі: Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға! (Абай) 1-11 сыныптардағы бірыңғай сынып сағатының тақырыбы "Буллингтен қорған"  Қауіпсіздік сабақтары оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты қамтылды. #сыныпсағаты  #адалазамат  #біртұтастәрбие
«Досыңмен суретке түс» айдары
24
сентябрь
2025
«Досыңмен суретке түс» айдары
«Досболlike» жобасының аясында мектебіміздің оқушылары арасында достықты насихаттауға, сыныптастар мен мектепішілік бірлікті арттыруға жақсы құрал болады. Айдар аясында мектеп оқушылары өздерінің достарымен бірге естелікке суретке түсіп, бір-бірлеріне тілек білдірді. Акцияның мақсаты - Оқушылар арасында достық, сыйластық және өзара қолдау құндылықтарын дәріптеу, әлеуметтік желіде позитивті орта қалыптастыру арқылы жасөспірімдердің мәдениетін көтеру. #DosbolLike #ДостықҚұндылығы #БелсендіОқушылар
«Ұлттың ұлы құндылығы – тіл» атты эссе байқауы
24
сентябрь
2025
«Ұлттың ұлы құндылығы – тіл» атты эссе байқауы
Қалалық деңгейде өткен «Ұлттың ұлы құндылығы – тіл» атты эссе байқауында мектебіміздің 10-сынып оқушылары Абдуллаұлы Тәңірберген мен Әбдіғани Дарын озық ойы мен терең талғамын танытып, өзгелерден дараланып, І орынға ие болды. Бұл жеңіс – жас қаламгерлеріміздің білім мен өнерге деген ынтасының, ана тіліне деген шексіз құрметі мен сүйіспеншілігінің айқын көрінісі. Тіліміздің қадір-қасиетін жүрекке түйіп, оны асқақтата білген шәкірттеріміздің табыстары ұстаздарының жүйелі еңбегінің жемісі екені
“Абайлаңыз, балалар!” апталығы аясында 3-4 сынып оқушылары арасында суреттер байқауы өтті.
24
сентябрь
2025
“Абайлаңыз, балалар!” апталығы аясында 3-4 сынып оқушылары арасында
Балалар өз қиялдары мен өнерлерін жол ережелері тақырыбында суретке түсіріп, жолдағы қауіпсіздік туралы түсініктерін шығармашылықпен жеткізді. Байқаудың мақсаты – жас буынға жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға баулу. Байқауға белсене қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз!