24
сентябрь
2025
Mектебімізде 8-сынып қыздарына арналған профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Жиынның мақсаты: кәмелеттік жасқа толмағандар арасында ерте жүктіліктің, суицидтің және буллингтің алдын алу, олардың зиянды салдарын түсіндіру, қыз балалардың жауапкершілігін арттыру, жеке бас гигиенасын сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жиын барысында қыз балаларға келесі мәселелер туралы ақпараттар, ақыл-кеңестер, бағыт-бағдар берілді:
• Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Утебаева қыздарды мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтауға, құрдастарымен сыйластық қарым-қатынаста болуға, қиындық туған жағдайда мұғалімдерге және ата-аналарға ашық айтуға шақырды.
• Мектеп медбикесі М.Нурмахан ерте жүктіліктің қыз баланың денсаулығына тигізетін зиянды әсерлерін түсіндіріп, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтының маңызын атап өтті.
• Педагог-психолог С.Катбаева буллинг, кибербуллинг, суицидтің алдын алу тақырыбында сөз сөйлеп, кез келген қиындықты жалғыз еңсеруге болмайтынын, сенімді адаммен бөлісудің және көмек сұраудың дұрыс жолдарын түсіндірді.
Күтілетін нәтиже: оқушыларда салауатты өмір салты дағдылары қалыптасып, өзіне және өзгелерге деген жауапкершілік сезімі нығаяды, сенімді қарым-қатынас орнату жолдарына мән беріледі.


Теги:
1111