Школа №65
Телефоны приемной:
8 (7252) 44-60-93
Версия для
слабовидящих
» » "Book trailer" жобасы аясында 8,9 -сынып оқушыларының қатысуымен өткен іс-шара ерекше әсер қалдырды.
07
октябрь
2025

"Book trailer" жобасы аясында 8,9 -сынып оқушыларының қатысуымен өткен іс-шара ерекше әсер қалдырды.

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда "Book trailer" жобасы аясында 8,9 -сынып оқушыларының қатысуымен өткен іс-шара ерекше әсер қалдырды. 
Бұл шараның негізгі тақырыбы – Джонни Бойннын  әйгілі шығармасы "Жолақты пижамадағы бала" болды.
Іс-шара барысында оқушылар кітаптың мазмұнын тереңірек зерттеп, слайд арқылы ағылшын тілінде қызықты таныстырылым жасады.
Топтық жұмыс барысында әр қатысушы өз ойын ортаға салып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін саралап, олардың шынайы өмірмен байланысын қарастырды.
Жалпы, бұл іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, олардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырды. 
Сондай-ақ, топта жұмыс істеу, өз ойын еркін жеткізу және әдеби шығарманы терең талдау дағдыларын нығайтуға ықпал етті. 
Кітапхананың осындай әдеби іс-шараларды жиі ұйымдастырып отыруы – оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды қадамы.
Теги:
1111
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив