07
октябрь
2025
«Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында жоспарлы іс-шаралар жалғасын тапты.
«Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында жоспарлы іс-шаралар жалғасын тапты.
Атап айтсақ, педагог-зерттеуші Сералиева Гүлнағира Уайдилдақызы 8-сыныпта Қазақ әдебиеті пәнінен «Ақтамберді жыраудың «Балаларыма өсиет» толғауы» тақырыбында ашық сабағын өткізді.
Мұнда сабақтың оқу мақсатына сәйкес оқушылар шығармадан алынған үзіндіні қайталап өңдеп, креативті ой қосып, өлең жолдарымен пікірін білдіріп жатты. Сынып оқушылары белсенді қатынасып, жасанды интеллект арқылы дыбысталған Ақтамберді жыраудың өсиетін тыңдап, шығармашылығын шыңдап, білім, білік, дағдыларды меңгерді.
Сонымен бірге педагог-модератор Аманбекқызы Жансая 11-сыныпта Қазақ тілі пәнінен «Болашаққа жол ашқан бағдарлама» атты ашық сабағын өткізді.
Мұнда оқу мақсатына сай тыңдалған мәтін бойынша ақпаратты отандық және ғаламдық мәселелермен салыстырып, пікірін білдірген оқушылар «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы туралы көп мағлұмат ала алды.
Тыңдалым мәтіні жасанды интеллект арқылы дыбысталып, сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.
6-7-сынып оқушылары арасында педагог-зерттеушілер Тұяқова Алтын Әшімханқызы мен Абдильдаева Ақбөпе Орысбайқызы «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі бойынша қойылым. Ашық алаң дискуссиясын ұйымдастырды.
Теги:
1111


