07
октябрь
2025
"Қамқор" жобасы аясындағы тағылымды кездесу
Қазан айының 1-і — "Қарттар күніне" орай мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері қарттар үйіне арнайы барып, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында үлкенге құрмет көрсету, жанашырлық пен мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдағы қарттарымызға назар аударудың маңыздылығын түсіндіру.
Кездесу барысында оқушылар ән шырқап, күй орындап, ардақты қарттарымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл күн қариялар үшін де, оқушылар үшін де ерекше әсерге толы болды.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың адамгершілік, рухани-мәдени тәрбиесіне оң ықпал етіп, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыра түсетіні сөзсіз.
Теги:
1111


